Hyundai автокөлік орталығының қоймасы өртенді

730

Hyundai автокөлік орталығының қоймасы өртенді

Санкт-Петербург қаласында екі ғимарат өртенді. Әуелі шаһардағы Hyundai автокөлік орталығының қоймасы жанған, деп хабарлайды 24.kz.

Дерек бойынша алапат өрт 500 шаршы метр жерді қамтыған. Оқиға орнына жеткен мамандар отты өшіріп үлгерді. Әзірге бұл апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланған жоқ. Артынша тілсіз жау қаланың шетінде орналасқан 23 қабатты тұрғын үйді жалмаған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт электр қалқаны бекітілген бөлмеде шыққан. Мамандар 60 шақты адамды қауіпсіз жерге көшірді. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу