Илон Маск Twitter-ді сатып алса қызметкерлердің 75%-ын қысқартуы мүмкін

663

Twitter-де 7,5 мың қызметкер жұмыс істейді.  

Илон Маск Twitter-ді сатып алса қызметкерлердің 75%-ын қысқартуы мүмкін Фото: dw.com

Егер Илон Масктың жоспары орындалса, онда компанияда 2 мыңға жуық жұмысшы қалады. Әзірге Twitter қызметкерлерді қысқарту мүмкіндігін жоққа шығарып отыр.

Илон Маск Twitter компаниясын сатып алған жағдайда қызметкерлерінің 75%-ын қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы The Washington Post газеті дереккөздер мен құжаттарға сілтеме жасап хабарлайды.

Газеттің келтірген дәйектеріне сенсек, компанияның иесі кім болатынына қарамастан, алдағы айларда жұмыс орындары мен жалақы қорының қысқаруы күтілуде. Оған қоса, әлеуметтік желі өзінің инфрақұрылымын, оның ішінде деректерді өндеу орталықтарын қысқартуға ниетті.

Биыл көптен күткен мәмілелердің бірі алдағы аптада аяқталуы мүмкін. Кәсіпкер сәуір айында 44 миллиард долларға әлеуметтік желіні сатып алғысы келетінін жариялап, мамыр айында компаниядан фейк аккаунттар туралы деректерді сұрады. Бірақ өтініші жауапсыз қалғандықтан, ол сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Содан кейін Twitter кәсіпкерге оның бастамасымен жүргізілген сатып алу процесін тоқтатқаны үшін сотқа жүгінді. Қазан айының басында Маск келіссөздерді қайта бастауға шешім қабылдады. Сот Маскқа мәмілені 28 қазанға дейін аяқтауға уақыт беріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу