І тоқсанда 2 млн 642 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

1180

Республика бойынша барлығы 21 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 10 мыңға жуығы – жеке тұрғын үйлер.

І тоқсанда 2 млн 642 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

2020 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша елімізде құрылыс бойынша нақты көлем индексі 111,7% құрады. 16 өңірде оң динамика байқалады. Олардың ішінде Қарағанды (150,8%), Батыс Қазақстан (122,9%), Атырау (119,3%), Түркістан (118,5%) және Ақмола (117%) облыстары көш басында келеді. Тек Қызылорда облысында көрсеткіштің төмендеуі байқалады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Тұрғын үй құрылысы бойынша 2020 жылдың бірінші тоқсан қорытындысында 2 млн 642 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ол 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,4 құрады. Жылдық жоспардың орындалуы 18,7% құрады (жоспар 14,1 млн шаршы метр).

Республика бойынша барлығы 21 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 10 мыңға жуығы - жеке тұрғын үйлер.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің ұлғаюы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 12 өңірде байқалады. Көшбасшы өңірлер: Алматы (120,9%), Жамбыл (120,6%), Қарағанды (107%), Павлодар (105,8%) және Қостанай (105,4%) облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы (108,8%).

Тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 5 өңірде төмендеді: Батыс Қазақстан (57,5%), Атырау (66,6%), Түркістан (76,5%) және Маңғыстау (94,7%) облыстарында және Шымкент (24,3%) қаласында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу