I тоқсанда "ҚазМұнайГаздың" таза табысы үш есеге төмендеді

713

Бұған себеп бірқатар активтің құнсыздануы.

I  тоқсанда "ҚазМұнайГаздың" таза табысы үш есеге төмендеді Фото: Максим Морозов

Алдын ала берілген мәлімет бойынша 2020 жылдың бірінші тоқсанында "ҚазМұнайГаз" ҰК таза табысы үш есе, яғни, 100 млрд теңгеге төмендейді. Бұл туралы Ұлттық компанияның Басқарма төрағасының орынбасары, қаржы директоры Дәурен Қарабаев онлайн-брифинг барысында мәлімдеді. 

"Біз I тоқсан қорытындысы бойынша таза жиынтық табыс бірқатар активтердің құнсыздануына байланысты 100 млрд теңге көлемінде болады деп бағалап отырмыз. Бұл 2019 жылдың I тоқсанында 309 млрд теңге болған, яғни төмендеу үш есе", – деді Дәурен Қарабаев баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, тоқсан қорытындысына қарап мұнай бағасының құлдырауы "ҚазМұнайГаз" көрсеткіштеріне теріс әсер етті деп айтуға болмайды. 
Алдын-ала есеп бойынша, 2019 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда кіріс 21%-ға, 1,3 трлн теңгеге дейін төмендеді. EBITDA көрсеткіші 1,8 есеге 270 млрд теңгеге дейін кеміген. 

Сондай-ақ, қауымдасқан компаниялар мен біріккен кәсіпорындардың таза табысы 4 есеге, 53 млрд теңгеге дейін азайған. 

"Бұл негізінен мұнай бағасының төмендеуімен қатар валюта курсының өзгеруімен де байланысты. Біздің бірқатар біріккен кәсіпорындарымыздың валюталық міндеттемесі бар. I тоқсанда курстың өзгеруіне байланысты біз валюталық қайта бағалаудың теріс болғанын мойындадық. Алайда бұл тек бухгалтерлік шығын", – деп түсіндірді Дәурен Қарабаев.

Осылайша капиталға салым 4,8%, 118 млрд теңгеге дейін азайған. 
"ҚазМұнайГаз" үлесі 1,8%, 10,6 млрд долларға төмендеген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу