І тоқсанда республикалық бюджетке 1,5 миллиард теңгеден көп кіріс түсті

700

Бұл жоспардан 33 млрд теңгеге, ал былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 268 млрд теңгеге артық.

І тоқсанда республикалық бюджетке 1,5 миллиард теңгеден көп кіріс түсті

ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов 2019 жылғы І тоқсандағы мемлекеттік бюджетттің атқарылуы туралы айтып берді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Биылғы қаржы жылының І тоқсанында бюджеттің барлық деңгейлерінде кірістер жоспардан асыра орындалып, оң өсу қарқынын көрсетіпті. Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов осылай есеп берді.

"Шығыстардың атқарылуы 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жақсарды. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 2,9 трлн теңге түсім жиналды. 3 трлн теңгеге шығыстар атқарылды. Мемлекттік бюджеттің тапшылығы 94 млрд теңгені құрады. Бұл жоспардан 162 млрд теңгеге аз. Қолма-қол ақшаның бақылау шотында 285 млрд теңге қаражат қалыптасты", – деді министр.

Республикалық бюджетке 1 567 млрд теңге кіріс түсіпті. Бұл жоспардан 33 млрд теңгеге, ал былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 268 млрд теңгеге артық.

Әлихан Смайылов, сондай-ақ, биылдан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық жасау шараларының нәтижесінде 34 мыңнан астам салық төлеуші жалпы сомасы 7,6 млрд теңгеге негізгі борыштарын өтегенін айтты (1 сәуірдегі жағдай бойынша). Олар бойынша 1,7 млрд теңге сомасына өсімпұл және 0,2 млрд теңге айыппұл есептен шығаруға жатады.

Республикалық бюджет шығыстары туралы айтар болсақ, Әлихан Смайыловтың сөзінше, олар 2,7 трлн теңгені құраған, "қаражаттың 47% әлеуметтік салаға бағытталған".

Республикалық бюджеттен өңірлерге 1 112 млрд теңге нысаналы трансферттер қарастырылған. І тоқсанда оларға 171 млрд теңге бөлінді. Оның 165 млрд теңгесі игерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу