I жартыжылдықта KASE сауда-саттық көлемі қаншалықты өсті

766

2021 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық көлемі нарықтың барлық секторында 71 513,6 млрд теңгені  құрады. 

I жартыжылдықта KASE сауда-саттық көлемі қаншалықты өсті

Бұл туралы inbusiness.kz  KASE баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылғы қаңтар-маусымда нарықтың барлық секторларындағы сауда-саттық көлемі 61,5 трлн теңгені құрады. Осылайша, KASE сауда-саттық көлемі 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 16,3% өсті.

Қазақстан қор биржасы 1993 жылы Қазақстанның Ұлттық банкі мен елдің 23 банкінің бастамасымен құрылды. Қазіргі уақытта KASE шартты түрде бес негізгі секторға бөлінеді: валюта нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, акциялар және корпоративтік облигациялар нарығы, репо операциялары нарығы және туынды қаржы нарығы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу