Жыл басынан бері зейнетақы қорындағы активтерден табыс түспеген. Яғни барлық табыстан инфляцияны алып тастағанда, шынайы түсім 0,09 пайызды құрады. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеді.
Дерекке сенсек, бірінші жартыжылдақта зейнетақы келісімшарттарының саны 134 мыңға көбейген. Яғни 9 млн 713 мың қазақстандық зейнетақы жүйесіне қатысады. Жинақтың орташа сомасы жыл басынан бері 4 пайызға артып, 1 млн теңгеден асқан. Бейнет жасына ең көп ақша жинағандардың тізімін маңғыстаулықтар бастаса, Түркістан облысы тұрғындарының салымдары өте аз. Орташа алғанда 100 мың теңгенің төңірегінде.