ИАТА өкілдерімен қазақстандық әуежайлардың үш әріптік кодына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды

624

Азаматтық авиация комитетінің басшылығы ИАТА өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ИАТА өкілдерімен қазақстандық әуежайлардың үш әріптік кодына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) Түркия, Орталық Азия және Әзербайжан бойынша өңірлік менеджері Фунда Чалышармен кездескенін хабарлады.

Кездесуде Азаматтық авиация комитеті мен ИАТА арасындағы ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде пандемия салдары, саланы қалпына келтіру және халықаралық рейстерді қалпына келтіру мәселелері, сондай-ақ қазақстандық әуежайлардың үш әріптік кодына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға келісті.

Кездесу достық және сындарлы жағдайда өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу