Нұр-Сұлтан әуежайының үш әріптік кодын өзгерту мәселесі талқыланды

610

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан бойынша аймақтық менеджері Фунда Чалишир ханыммен кездесу өтті.

Нұр-Сұлтан әуежайының үш әріптік кодын өзгерту мәселесі талқыланды

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан бойынша жаңадан тағайындалған аймақтық менеджері Фунда Чалишир ханыммен кездесу өтті. Отырыста Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының үш әріптік кодын өзгерту мәселесі талқыланды, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанға ұшатын авиакомпаниялар Нұр-Сұлтан әуежайы кодының өзгертілуін қолдап және мақұлдаған еді.

Талғат Ластаев пен Фунда Чалишир арасындағы кездесуден кейін үш әріптен тұратын кодты өзгерту мәселесін бірлесе пысықтап, тарифтік саясат, ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша белсенді ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу