іАzamat платформасы іске қосылды

706

Алматылықтар қаладағы жобаларға дауыс беріп, өзекті мәселелерді көтеріп, ондағы жаңалықтарды біліп отырады.

іАzamat платформасы іске қосылды

Алматыда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен ХІІ Азаматтық форумы жұмысын бастады. Онлайн өтіп жатқан шарада мегаполистегі өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жалпықалалық платформа таныстырылды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Бастамаларды талқылап, мегаполисті дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін тиімді коммуникациялық алаңдардың бірі ретінде іАzamat жалпықалалық платформасының бета-нұсқасы бүгін іске қосылды. Алматылықтар қаладағы жобаларға дауыс беріп, өзекті мәселелерді көтеріп, ондағы жаңалықтарды біліп отырады. Жаңа интерактивті құрал азаматтық қоғамның басқару және шешім қабылдау үдерісіне кеңінен қатысуына мүмкіндік береді. Біздің әрқайсымыз Алматының өмірін жақсарту бойынша жаңа идеялар мен ұсыныстардың бастамашысы бола аламыз",– деп жазды қала әкімі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу