IBF жаңартылған рейтингінде Әлімханұлы мен Нұрсұлтанов жоғарылады

490

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингін жаңартты.

 IBF жаңартылған рейтингінде Әлімханұлы мен Нұрсұлтанов жоғарылады

Халықаралық бокс федерациясының жаңартылған рейтингінде төрт қазақстандық боксшы бар. 

Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) тоғыздан сегізінші орынға жоғарлады, ал Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) 15-тен 12-орынға көтерілді. Жартылай орта салмақта Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) сегізінші болып қалды, ал бірінші жартылай орта дивизионда Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) бұрынғысынша 12-келеді. 

Орта салмақта 14-орында Талдықорған тумасы Анатолий Мұратов (22-2, 15 КО) орналасқан екен. IBF және WBA тізімінде де германиялық боксшыны қазақстандық деп көрсеткен екен. 

Айта кетейік, Әлімханұлында WBC Continental Americas және WBO Global, Нұрсұлтановта - WBC (USNBC), Жүкембаевта – WBC Continental Americas пен IBF Inter-Continental, ал Жаңабаевта – WBA Inter-Continental, IBF Australasian және WBO Oriental титулдары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу