Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелері қалпына келтіріледі

541

"Қазақ анимация" шығармашылық бірлестігі жыл соңына дейін көрерменге 10 пилоттық жобаны ұсынбақшы. Оған шымкенттік аниматорлар да тартылатын болады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев республиканың үшінші мегаполисіне жасаған іс-сапары барысында осылай деп мәлімдеді. 

Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелері қалпына келтіріледі

Ведомство басшысы өңірлерге келіп халықпен жүздесіп, саладағы атқарылған шаруаларды баяндап отыру бұдан былай министрлер тарапынан тұрақты түрде жүргізіліп отыратынын мәлім етті. 

Осыны айтқан еліміздің мәдениеті мен спортына жауапты басты тұлға былтыр Шымкентте 9 мәдениет ошағы жөнделсе, биыл олардың саны 10-ға жеткізілетінін, жаңадан 2 мәдени нысан салынатынын баяндады. 

Сондай-ақ кездесуде министр ұлт әдебиетін қолдау мақсатында биыл алғашқы мәрте "Айбоз" әдеби сыйлығы тағайындалғанын және шымкенттік қаламгерлерді осы байқауда бақ сынап көруге шақырды. 

Министр тарихи-мәдени, экологиялық, экстремальді, өндірістік және тағы басқа 17 тур-бағыт Шымкентке саяхаттап келушілер үшін ұсынылатынын жеткізді. 

– Тарихи-мәдени бағыттардың ішінде Шымкенттегі Сайрам аймағының маңызы ерекше. Ендігі жұмыс Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибрагим ата мен анасы Қарашаш ана кесенелерін қалпына келтіретін боламыз. Сол бойынша эскиздік жоба әзірленіп, заманауи жолсілтегіш, стендкарталар орнатылып жатыр. Шымкентке 2022 жылдың алғашқы 3 айында 97 мың турист келген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 129 пайызға артық, – деді Д.Абаев.

Бүгінде ведомство тарапынан "Дені сау ұлт" жобасы айқындалған. Соған сәйкес 2025 жылға қарай спортпен тұрақты айналысатындар санын жалпы халыққа шаққанда 50 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Саламатты Қазақстанды қалыптастыру мақсатында бүгінгі таңда Шымкентте ат спортына арналған халықаралық деңгейдегі ипподром бой көтеруде. 

Әнуар Жұмашбаев

Фото Дәурен Абаевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу