Ибрахим Раисидің орнын кім басады?

301

Иранда президент — Жоғарғы рухани жетекшіден кейінгі екінші адам. Ал келесі басшының кім болатынын дәл осы рухани жетекші Әли Хаменей шешеді. 

Ибрахим Раисидің орнын кім басады? Фото: nv.ua

Иран Конституциясы бойынша, егер президент қайтыс болса немесе екі ай ішінде өз функцияларын орындай алмаса, Хаменей оның орнына бірінші вице-президентті, Иран үкіметінің бас үйлестірушісі Мұхаммед Мохберді тағайындай алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мұхаммед Мохбер Ресейге жақын адам, дәл осы кісі Иран үкіметінде Ресей-Иран сауда-экономикалық өзара іс-қимыл комиссиясының көптеген мәселелеріне жауап береді, делінген Информатор Украина сайтында.

Иран қоғамы үшін көшбасшының өлімі неге әкелуі мүмкін?

Сарапшылардың айтуынша, Раисидің өлімі халықтың емес, бірінші кезекте билік жүйесін алаңдататын жағдай. Иранда ол ешқашан елді өзіне қарататын бас саясаткер саналмады, өйткені одан жоғары тұрған аятолла Әли Хаменей нағыз көшбасшы деп танылады. Суыт хабарлан кейін үкімет жұмысын қайта қарап, жаңа басшыны тағайындау керек, бірақ бұл жалпы ирандық жүйеге қатты әсер ете қоймайды, дейді ирандық саясат бойынша сарапшы Никита Смагин өзінің Telegram-арнасында.

Негізгі қауіп — оның өлімі оппозицияға күш беруі мүмкін: енді көшеге шығып, наразылық білдіруге болады. Соңғы айларда Ирандағы қауіпсіздік күштері зорлық-зомбылыққа жол беріп, қызметін асыра пайдаланумен айналысты, сондықтан қоғамдық көңіл-күй нашарлағаны да жасырын емес. 

"Алайда, әзірге мен бұл мүмкіндікті асыра бағаламас едім. Менің ойымша, Президенттің өлімі Иран қоғамын қатты дүр сілкіндіретін эмоция емес. Өйткені Хаменей өлген жоқ. Қорытындылай келе: егер Раиси қайтыс болса, бұл жүйе үшін үлкен стресс, бірақ экзистенциалды сынақ емес", - деп қосты талдаушы.

63 жастағы Иран президенті Ибрахим Раиси ультра консервативті саясаткер және дін қызметкері болып саналған, деп жазады BBC.

Ол небәрі 25 жасында Тегеран прокурорының орынбасары болды.
Одан кейін астана прокуроры қызметін атқарды, кейін Иранның Бас бақылау ұйымының басшысы және сот билігі басшысының бірінші орынбасары болды.
*         2014 жылы ол Иранның бас прокуроры болып тағайындалды.
*         2017 жылы Раиси көпшілік үшін күтпеген жерден президенттік сайлауға түсіп, екінші нәтижеге қол жеткізді.
*         2019 жылы аятолла Хаменеи оны сот билігінің басшысы лауазымына тағайындады.
*         Раиси 2021 жылғы Ирандағы президенттік сайлауда жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу