Бұл туралы халықаралық ядролық қаруды жою науқанының (ICAN) саясат және зерттеу үйлестірушісі Алисия Сандерс-Закре БҰҰ корреспонденттер қауымдастығының (ACANU) брифингінде хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Сандерс-Закренің айтуынша, АҚШ-тың ядролық қаруы Германия, Бельгия, Нидерланды, Түркия және Италиядағы әуе базаларында орналасқан.
"Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, АҚШ-тың осы елдердегі әуе базаларында 150-ге жуық техникалары бар", - деді ол.
12 маусымда ICAN елдердің ядролық қаруға жұмсаған шығындары туралы есеп жариялады. Есепке сәйкес, өткен жылы ядролық қаруға ең көп қаражат АҚШ-та жұмсалды - $43,7 млрд, Ресей $9,6 млрд жұмсады, ал Қытай $11,7 млрд, ал жалпы әлемде ядролық қаруға $82,9 млрд жұмсалды.