"Ида" дауылы АҚШ-қа жетті

1211

"Ида" дауылы салдарынан Луизиана штаты жарықсыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

"Ида" дауылы АҚШ-қа жетті

"Ида" – АҚШ тарихындағы ең жойқын дауылдардың бірі. Ол Луизиана штатына жеткенде оның күші ықтимал бес санаттың төртінші санатына өткен.

Агенттік мәліметінше, дауыл бір күнде күшейіп, бес сағатта оның жылдамдығы 72 км/сағаттан 230 км/сағатқа жеткен.

PowerOutage.US сервисінің дерегінше, "Ида" салдарынан Луизиана штатында 220 мыңнан аса адам жарықсыз қалған.

16 жыл бұрын аталған штатта "Катрина" дауылы соққан еді.

CNN дерігінше, "Катрина" салдарынан 1,8 мыңнан аса адам зардап шеккен. Халық тығыз қоныстанған Жаңа Орлеан қаласын қоспағанда көптеген аумақ су астында қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу