АҚШ-тың шығысында ойран салған "Ида" дауылынан зардап шеккендердің саны 68-ге дейін артты, деп хабарлайды Inbusiness.kz CBS телеарнасына сілтеме жасап.
Бұған дейін елдің солтүстік-шығысында 45 адамның және оңтүстік-шығысында 14 адамның қайтыс болғаны жарияланды. "Ида" дауылы 28 тамызда Луизиана штатында басталып, солтүстік-шығысқа қарай біртіндеп әлсіреді. Бірақ бәсеңдесе де, сұрапыл желдің арты нөсер жаңбыр мен су тасқынға ұласып кетті.
Ресми дерек бойынша, Нью-Джерси штатында жойқын желдің салдарынан кем дегенде 27 адам қайтыс болған. Нью-Йорк штатында кем дегенде 17 адам қаза тапты.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу