АҚШ-тың Флорида штатының тұрғындары "Идалия" тропикалық дауылының жақындауына байланысты шұғыл эвакуацияланды, деп nbusiness.kz Associated Press-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Метеорологтардың болжамынша, "Идалия" "үлкен дауыл" санатына дейін күшейеді де, сейсенбі күні кешке Флоридаға жетеді. Дауыл сәрсенбіде штаттың жағалауына жақындайды. Салдарынан алдағы күндері теңіз деңгейі күрт жоғарылайды.
AP агенттігінің хабарлауынша, Флорида штатының губернаторы Рон де Сантис 28 тамыз штаттың 46 округінде төтенше жағдай жариялады. Ол тропикалық дауыл штатқа қауіп төндіретінін ескертіп, "Идалия" Саффир-Симпсон шкаласы бойынша 3-санаттағы дауылға айналуы мүмкін екенін атап өтті.
Бұған дейін аталған тропикалық дауылы Кубаға жақындаған. Онда нөсер жаңбыр құйып, қатты жел соққан.