Ал Іelts пен toefl сертификаты бар оқушылар ҰБТ-дағы ағылшын тілінен босатылады. Яғни білімді бағалау бойынша халықаралық жүйесінің құжатын алғандар ағылшынды таңдау пәні деп белгілесе де, оны тапсыруға міндеттелмейді. Оларға бұл пәннен бірден жоғары балл қойылады.
Мұндай сертификаттың мерзімі өтіп кетпегені маңызды. Сондай-ақ, балл 6-дан жоғары болуға тиіс. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Айта кетейік, келер жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге өзгерістер енгізіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу