IELTS сертификатын сатып алған 117 студент оқудан шығарылды

1063

IELTS сертификатын сатып алған 117 студент оқудан шығарылды

"Астана медицина университеті" акционерлік қоғамына оқуға түсу үшін IELTS сертификатын сатып алған 117 студент оқудан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Былтыр күзде емтиханды өз күшімен тапсырғандар бас көтерген еді. Соның нәтижесінде тексеріс жүрген. Ақыры ағылшын тілі бойынша тіркелмеген 117 сертификат анықталды. 

"Білім және ғылым министрлігінің комиссиясы екі рет тексеріс жүргізді. Басында біз 33 баланы шығардық. Жақында тағы 84 студент оқудан шеттетілді. Енді бұл азаматтар олардың оқуына жұмсалған қаржыны қайтаруға тиіс. Олардың көбі грантта оқыды. Тек 9 адам ғана ақылы түрде білім алды", – дейді "Астана медицина" университеті ректорының орынбасары Франц Галицкий.

Ендігі кезекте тергеу жұмыстарымен қалалық ішкі істер департаменті айналысады. Оқиға бойынша 117 қылмыстық іс қозғалдық. Оның отызы сотқа жіберілген. 

"385-баптың 3-бөлігі, яғни жалған құжатты пайдалану ісі бойынша 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тағайындалады. Сонымен қатар қамауға алу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту да қарастырылған", – дейді Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Болат Пазылов. 

Емтиханды өз күшімен тапсырған студенттер енді гранттан үмітті. Алайда оқу орны ректорының орынбасары бұл істі білім және ғылым министрлігінің көмегінсіз істей алмайтынын айтып отыр. 

Осындай жағдайда ақ халатты мамандарды даярлайтын жоғары оқу орны лицензиясынан да айырылуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу