Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Батырхан Мұхтархан алтын медаль жеңіп алса, NIS IB мектебінің оқушылары Әділет Абзалиев пен Нұрхан Төлеев күміс медальдарға ие болды.
Олимпиада биыл 53 елден келген 300-ден астам қатысушыны біріктірді. Қатысушылар экономикалық теория, қаржылық сауаттылық және бизнес-кейсті шешу бағыттарында білімдерін сынға салды.
Қазақстандық жас зияткерлер бұл сыннан сүрінбей өтіп, өздерінің академиялық дайындығы мен халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу