Бұл туралы Jerusalem Post-қа сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды.
Қайғылы оқиғаның себебі әлі анықталған жоқ, бірақ жергілікті полицияның айтуынша, автовокзал жанындағы бірінші жарылыс автобуста қалдырылған сөмке ішіндегі бомбадан болуы мүмкін дейді. Оған қоғамдық көліктің әйнектердің шашырауынан шұрық-тесікке айналғаны дәлел. Бірер минуттан соң Иерусалимнің солтүстігіндегі Рамот даңғылында тағы бір жарылыс естіледі.
Полиция екі жарылысты алдын-ала ойластырылған кешенді шабуыл деп санайды, ал оқиға орнында сөйлеген полиция бастығы Кобе Шабтай полиция қызметкерлері Иерусалимдегі әрбір автобусты тінтіп, оған Израильде бомба іздейтін барлық иттер жұмылдырылатынын айтты. Тәртіп сақшылары жарылысқа террористік ұйымдардың қатысы бар-жоғын зерттеп жатқанын айтты.