Бүгін таңертең Иерусалимнің Ескі қаласындағы Ирод қақпасының жанында Исавия төңірегінде тұратын 16 жастағы жасөспірім Израиль шекара полициясының офицерлеріне пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
ВВС агенттінің мәліметінше, шабуыл кезінде шекара полициясының екі қызметкері жарақат алған, оның бірі әйел. Олар Иерусалимдегі "Хадасса" медицина орталығына шұғыл жеткізілген. Әйел полицейдің жағдайы ауыр, екінші полицей жеңіл жарақат алған.
Пышақпен шабуылдаған жасөспірімді сол жерде атып өлтірген.
Шабуылдан біраз уақыт өткен соң Израиль қауіпсіздік күштері жақын маңдағы мектеп оқушысын тұтқындаған. Ол шабылдаушы бозбалаға көмектесті деген күдікке ілінді.