Иесі бар ит қауып алса, қылмыстық іс қозғалады – ІІМ өкілі жауап берді

Елімізде үй жануарларын серуендету тәртібін бұзған 6 мыңнан аса адам жауапқа тартылған.

Иесі бар ит қауып алса, қылмыстық іс қозғалады – ІІМ өкілі жауап берді Фото: Известия

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау полициясы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов айтып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, басты мақсат – адамдардың қауіпсіздігі. ІІМ өкілі егер адам үй жануарын серуендету тәртібін қайтадан бұзса, оны мүлік секілді алып қою туралы ұсыныс айтылған. 

– Бұралқы иттер мәселесіне келсек, оған жауапты құзырлы және жергілікті атқарушы органдар бар, дегенмен заң аясында бірлесіп жұмыс істейміз. Онда үй жануарларына жауапкершілікпен қарау және оларды серуендету тәртібі бағыты бар. Үй жануарларын серуендету тәртібін бұзған 6 мыңнан астам адам жауапқа тартылды. Осы орайда, құзырлы органдардың назарына егер иесі серуендеу тәртібін қайта бұзған жағдайда үй жануарын мүлік секілді алып қою мәселесін ұсынғымыз келеді. Мысалы, иесі қоғамдық орында үй жануарын тұмылдырықсыз серуендетіп жүреді, бұл адамдарға қауіп төндіруі мүмкін, – деген ол мәжілісте өткен дөңгелек үстелде.

Сонымен қатар, Әлішер Жармағамбетов жануарларға қатысты жауапкершілікті күшейтуді сұрайды. Яғни, алдағы уақытта иесі бар ит бір тұрғынды қауып алған жағдайда (дене жарақаты, т.б.), қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Өйткені, ол ең алдымен адам өмірі, қауіпсіздігі бірінші орында болу керек деп есептейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу