Иесіз қалған 2 мың ит-мысыққа арнайы орталық салынады

391

Абай облысында 2 мың иесіз ит-мысықты орналастыруға болатын жаңа орталық салу жоспарлануда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Иесіз қалған 2 мың ит-мысыққа арнайы орталық салынады Фото: canva.com

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, бүгінде Семейде "4 лапы+" қоғамдық қорының базасында қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған ғимарат бар.

Онда 200-ге жуық ит пен 50 мысық уақытша ұсталады.

Бұдан бөлек, қалада иесіз жүрген 2000 ит-мысықты орналастыруға болатын орталық салу жоспарланған.

Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңның нормаларын іске асыру мақсатында 490 қаңғырған ит пен мысық үшін чиптер сатып алынды. Жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру қызметін көрсететін мекемемен шарт жасасып жатырмыз. Сондай-ақ әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың үй жануарларын сәйкестендіру үшін 1 870 чип сатып алынды", - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу