Иесіз мысықты өлтірген ер адам сотталды

378

Ер адам шартты түрде екі жарым жылға сотталды. 

Иесіз мысықты өлтірген ер адам сотталды Фото: freepik

Ыстамбұлда Эрос есімді қаңғыбас мысықты өлтірген адам сотталды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, мысық тұрғын үй кешенін паналайтын. Тұрғындар оны үнемі тамақтандырып жүрген. Ал 1 қаңтар күні мысық өлексесі табылды. Оны жергілікті тұрғын Ибрагим Келоглан өлтірген. Ол мысықты өлгенше тепкілеп, тұрғын үй кешенінің ауласында қалдырып кеткен. Адамдар оны бейнежазба камералары арқылы тауып алған.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде кеңінен таралып кетті. Тіпті ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның құлағына жеткен. Ол әділет министрі Йылмаз Тунчке хабарласып, мұндай жауыздыққа барған адам жазалануы керектігін алға тартты. 

Күдікті бір жарым жылға бас бостандығынан айырылғанымен, кейіннен үкім шартты болып өзгерді. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырғаны соншалық, олар жаппай митингілерге шыға бастаған. 

Келоглан ісі қайта қаралып, ер адам шартты түрде екі жарым жылға сотталды, одан бөлек елден шығуға тыйым салынды. Сотта ол жүйкесі сыр бергенін айтып ақталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу