Поляк теннисшісі Ига Свентек АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ига 1 сағат 45 минутқа созылған кездесуде 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, бұған дейін Ролан Гаррос жарысының екі мәрте жеңімпазы атанған И.Свентек үшінші рет "Үлкен дулыға" турнирін ұтты. Ол қатарынан оныншы финалында ешкімге дес бермеді.
И.Свентек АҚШ ашық чемпионатында үздік шығуы нәтижесінде 2,6 млн АҚШ доллары көлемінде табыс тауып, 2 мың рейтингілік ұпайға ие болды.
Ига Свентек, US Open турнирі
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу