Игерілмеген сыртқы қарыз бюджеттен қосымша шығын шығарады

936

Мемлекеттік сыртқы қарызды игермегені үшін мемлекеттік органның бірінші басшысына жауапкершілік жүктеу қажет. 

Игерілмеген сыртқы қарыз бюджеттен қосымша шығын шығарады Фото: Мария Матвиенко

Бұл туралы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасын мақұлдау барысында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сыртқы қарыз қаражатын игермегені үшін жауапкершілік "бұлыңғыр" болмауға тиіс. Ол нақты жазылуы керек. Егер, құжаттың үкімет ұсынған нұсқасын қабылдайтын болсақ, онда жауапкершілік бірінші басшыдан алынып, орынбасарға жүктелетіні түсінікті. Мұндай барлық жерде болады. Сондықтан сәйкессіздікке жол беруге болмайды", – деді мәжіліс төрағасы. 

Нұрлан Нығматулиннің сөзінше, сыртқы қарыздың игерілмеуі бюджеттеен қосымша шығын шығаруы мүмкін екенін атап өтіп, тиісті норманы заңнамалық деңгейде бекіту арқылы мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігін күшейту қажет деген пікірін жариялады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу