Игерілмеген жерлерді қайтару жұмыстары жалғасады

544

Соңғы екі жылда тек Ақтөбе облысында 900 000 гектар жер мемлекет меншігіне өткен.

Игерілмеген жерлерді қайтару жұмыстары жалғасады Фото: Әзиз Жанұзақ

Ауыл шаруашылығы мақсатында беріліп, бірақ игерілмеген аумақтар бойынша шаруа қожалықтарымен келіссөздер жүргізілген, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Одан кейін тағы бір жыл уақыт берілді. Бұл аралықта ешқандай әрекет болмағасын, жерлерді сот тәртібімен кері қайтару шаралары қолға алынды. Облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Өтешовтың айтуынша, жоспар артығымен орындалған.

"2022 жылдан бастап пайдаланылмай жатқан және мақсатсыз қолданылған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары  жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі, Жер ресурстары комитетінің бұйрығымен біз 2022-інші жылы 500 мың гектар жерді қайтаруымыз керек еді. Оны 535 мың қылып қайтардық.Ал, былтыр мемлекет меншігіне 366 мың гектар аумақ өтті. Бұл жоспардан 36 мың гектарға көп",- деді ол.

Биыл облыс бойынша 266 мың гектар жерді кері қайтару міндеті тұр. Әр ауданның өз жоспары бар.  Бұл жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Алдымен аудандық, қалалық жер бөлімдері мониторинг жасайды. Пайдаланылмай жатқан аумақтардың иелері анықталып, оларға өз еркімен қайтаруға мүмкіндік беріледі. Бас тартқан шаруалардың тізімі аумақтық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданады.

Ақтөбе облысының жер көлемі 30 миллион, 62 мың, 900 гектар. Оның 13 миллион гектардан астамы ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу