Игерусіз жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің салығы 20 есе ұлғайтылмақ

1449

"Салық ұлғайғаннан кейін, жерді негізсіз иеленгендер оны мемлекет меншігіне қайтарады", – дейді Сапархан Омаров.

Игерусіз жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің салығы 20 есе ұлғайтылмақ

Игерусіз жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің салығы 20 есе ұлғайтылмақ.  Тиісті заң жобасы әзірленіп, қазір келісу үстінде.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, бүгінде облыстық маслихат іске жаратылмай жатқан учаскелерге салықты 10 есе өсіруге құқылы.

"Салық ұлғайғаннан кейін, жерді негізсіз иеленгендер оны мемлекет меншігіне қайтарады", – дейді министр.

Айта кетейін, қыркүйектің басында Қасым-Жомарт Тоқаев латифундистерден пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтып алуды тапсырған. Ал өткен аптада Ақмола облысындағы жиында Президент өзінің тапсырмасын қаперіне де ілмегені үшін шенеуніктерді қатаң сынға алып, тиісті шара қолданатынын жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу