"Игі істер" марафоны рухы кемел қоғам қалыптастыруды көздейді

1068

Үкімет отырысында ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева  волонтерлік қызметті дамыту үшін не істеу қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Игі істер" марафоны рухы кемел қоғам қалыптастыруды көздейді

"Волонтерлікті дамыту ісінде басты нәтиже мемлекеттік органдарға тікелей байланысты. Әрине волонтерлік ақы төленбейтін ерікті қызмет. Десе де ол жағдай жасауды, жанашырлықпен қарауды талап етеді. Волонтерлік қозғалыстың қарқынды дамуы бүгінгі азаматтық бастамаларға лайықты деңгейде қолдау көрсетуге байланысты. Осыған орай мемлекеттік органдарға бірқатар міндетті жүктеуді орынды деп санаймын", – деді Аида Балаева. 

Министрдің айтуынша, үздік волонтерлік тәжірибені насихаттау қажет. 

"Жергілікті атқарушы органдарға волонтерлік жобаларды қаржыландыруды ұлғайту және волонтерлік бастамаларды қолдау мүмкіндігін кеңейту керек. "Игі істер" марафоны республикалық акциясына кәсіпкерлер мен бірге қарапайым азаматтарды тартқан жөн. Себебі марафонның мақсаты тек демеуші тартып, қайырымдылық жасау ғана емес, күнделікті жақсы істер арқылы жаны жомарт, рухы кемел қоғам қалыптастыру", – деді Аида Балаева.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу