Игитаны шақырып марапат бермеу – барып тұрған мазақ

1276

Алматы футзал командасының президенті Қайрат Оразбеков Қазақстан футбол федерациясына өкпелі.  

Игитаны шақырып марапат бермеу – барып тұрған мазақ

Осы жуырда ғана елордада Қазақстан футбол федерациясы жыл үздіктерін марапаттап, салтанатты кеш өткізді. Қызыл кілем жайылып, әр саладағы үздіктер ортаға шығып, ұлықталған болатын. Алайда, марапаттау рәсімінен кейін "Қайрат" футзал клубының басшысы Қайрат Оразбеков федерацияға ренжулі екенін жеткізді. "Проспорт.кз" сайтына берген сұқбатында ол марапаттау рәсімінің жақсы өткенін жетізіп, кемшіліктер болғанын да жасырмады.

 

"Әлемнің үш дүркін үздік қақпашысы атанған Игитаны марапаттау рәсіміне шақырып, үздік қақпашы номинциясын оған бермеу барып тұрған мазақ. Үміткерлер арасында болғанын хабарлап, арнайы шақырғаннан соң Игита отбасымен келіп, жүлде аламын деп күтті. Шынын айтқанда барлығымыз солай болады деп ойладық. Оны ерекшелеп, марапаттамау осы іс-шараның абыройын көтере қойған жоқ. Қақпашы үшін де бұл қиын жағдай болып отыр. Мұндай қателіктің қалай орын алғанын түсіне алмадым",  – деді Қайрат Оразбеков.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу