Игорь Краснов қайта сайланды

807

Бүгін Нұр-Сұлтанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 31-отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Игорь Краснов қайта сайланды

Қатысушылар қылмысқа және заңдылықты бұзуға қарсы күресте, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарының әріптестігін арттыру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

Талқылау қорытындысы бойынша Бас прокуратуралар басшылары прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасау және озық тәжірибемен алмасу жөніндегі басым міндеттерді айқындайтын үйлестіру кеңесінің шешімдеріне қол қойды, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы шекараларда шекаралық қауіпсіздікті нығайтудағы 2021-2025 жылдарға арналған ынтымақтастығының арнайы бағдарламасы мақұлданды.

Отырыс барысында форумға қатысушылар Ресей Федерациясының Бас Прокуроры Игорь Красновты ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің төрағасы етіп қайта сайлады. ТМД БПҮК кезекті отырысы Беларусь Республикасында 2022 жылы өтеді.

Қорытынды шешімдерге қол қойылғаннан кейін Қазақстанның Бас прокуроры шетелдік әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізіп, халықаралық ынтымақтастық және шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу