Игорь Мазуренко қазақстандық спортшыларға тәнті болды

617

5 гектар аумақты алып жатқан Shardara Arm кешенінде 1200-ден астам шәкірт спорттың бірнеше түрімен тегін шұғылдануда.  

Игорь Мазуренко қазақстандық спортшыларға тәнті болды

"Мұндай ауқымды спорттық клубын бұрын-соңды ешбір елден көрген емеспін". Түркістан облысы Шардара ауданында іссапармен болған Армрестлингтен кәсіпқойлар арасында әлемдік федерация президенті Игорь Мазуренко өзінің жеке "YOUTUBE" арнасында аудандағы армспорт клубы туралы осылай деді.

Ол бейнежазбада аталған спорт мектебімен танысып, деректі фильм түсіру үшін арнайы Шардара ауданына барғанын айтқан. Сондай-ақ, спортклубта жаттығып жүрген жас спортшылардың еңбекқорлығына тәнті болғанын және олардың жеткен жетістіктерін ерекше атап өткен.

Өңірлік коммуникациялық қызметінің хабарлауынша, 5 гектар аумақты алып жатқан бұл Shardara Arm кешенінде 1200-ден астам шәкірт спорттың бірнеше түрімен тегін шұғылдануда.

Айта кетейік, "Shardara Arm" армрестлинг спорт клубы 2001 жылы құрылған. Қазіргі таңда онда 35 жаттықтырушы 700 баланы аталған спорт түріне баулып келеді. Бүгінге дейін спорт мектебінен 1800-ден астам спортшы түрлі деңгейдегі жүлделердің иесі атанған. Оның ішінде 48-і – Әлем чемпионы, 39-ы – Әлем чемпионатының жүлдегері, 26-сы  – Әлем кубыгының иегері, 144-і – Азия чемпионы, 154 спортшы – Азия чемпионатының жүлдегерлері.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу