II Елизаветаның ұлы анасының жылқыларын сатуға қойды

504

Ұлыбритания королі III Чарльз анасынан мұраға қалған 14 жылқыны аукцион арқылы сатуға шығармақ, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап.  

II Елизаветаның ұлы анасының жылқыларын сатуға қойды Фото: REX/Shutterstock

Жылқылардың сатылатыны туралы дүйсенбіде белгілі болды.

BBC орыс қызметінің хабарлауынша, аукционға қойылған жануарлардың ішінде II Елизаветаға өлімінен бір-екі күн бұрын жарыста жеңіс әкелген Лав Аффэйрз есімді жылқы бар.

Аукцион өкілі Джимми Джордж жаңалыққа түсініктеме беріп, марқұм ханшайымның жылқыларын сатудан оғаш ештеңе көрмейтінін айтты. Ол жылқылар жыл сайын сатылып келгенін атап өтті. Спикер сонымен қатар бұл жағдай корольдік отбасының жарыстарға деген қызығушылығын жоғалтқанын білдірмейді деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу