ІІД басшысы тұрғындарға пәтерлеріне дабыл жүйесін орнатуға кеңес берді

1013

Қарағандыдағы 160 000 пәтердің тек 3600-да ғана күзет жүйелері орнатылған. 

ІІД басшысы тұрғындарға пәтерлеріне дабыл жүйесін орнатуға кеңес берді

Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің бастығы Мергенбай Жаппаров халықпен есептік кездесуі барысында пәтерлерде дабыл жүйесін орнатуға кеңес берді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Күзет жүйелері генерал-майор Жаппаровтың пікірінше, қарағандылықтарға өз мүлкін сақтап қалуға септігін тигізеді. Осы жылдың басынан бері аймақта 5 431 ұрлық орын алған. 

Қарағандыдағы 160 000 пәтердің тек 3600-да ғана күзет жүйелері орнатылған. 

"Бұл қаламыз үшін өте төмен сан. Өз мүлкіне деген жауапкершілік өте маңызды. Дегенмен, біз құқық қорғау органдары ретінде ұрлықтардың санын азайту үшін жұмыстар атқарып жатырмыз. Осылайша, қаламызды ЖБО камераларымен қамту 18,6% құрайды. Жылдан жылға бұл көрсеткіш өсіп келеді. "Қазақтелеком" АҚ 793 тұрғын үй кіреберістерінде 1586 камера орнатты. Камералар онлайн режимде бейнені полиция тірек бекеттеріне жіберіп отырады, онда учаскелік полицейлер аулалар мен кіреберістерде не болып жатқанын бақылап отыра алады. Барлық жазбалар бұлтты сервисте сақталады. Яғни оларға рұқсаттама болған жағдайда кез-келген уақытта, кез-келген құрылғыдан кіруге болады. Мұндай қызметтің ақысы – бір пәтерден 350 теңге. Алайда тұрғындар келісе бермейді, біз қазір түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бұл камералар не үшін орнатылғаны және тұрғындардың өздері үшін несімен тиімді екенін айтып жатырмыз", - дейді Мергенбай Жаппаров. 

Сондай-ақ есептік кездесу барысында генерал-майор қылмыс деңгейі төмендегенін жеткізді. Осылайша, осы жылдың тоғыз айында облысымыздағы ауыр қылмыстардың саны 9,3%, орта және ауыр емес қылмыс 2,3% төмендеген. Адам өлтіру деректері 11,5%, зорлаулар 33%, бұзақылықтар 6% қысқарған. 

Ерекше назарды құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алуға аударып отыр. Биылғы жылы 339 тұрмысы төмен отбасылар анықталған, 16 жасөспірім әумескерлік мінез-құлқы бар балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберілді, 14 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылды, тағы 1164 ата-ана балалары түнгі уақытта үйден тыс жерде жүргендері үшін әкімшілік жазаға тартылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу