Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі Есікте болған атысқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оқиғада көз жұмған полиция қызметкерінің жұмыстан тыс уақытта болғаны анықталып отыр. Тергеу жұмыстары қатаң бақылауға алынды. Қазіргі кезде қылмыс құралы алынып, тәркіленді", - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов.
Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Есікте атыс болып, полиция қызметкерінің ауруханада көз жұмғаны хабарланған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу