ИИДМ ақылы жолдармен жүру ережелеріне өзгерістер дайындады

415

Тиісті құжат “Ашық НҚА” порталында жария талқылауға ұсынылды.

ИИДМ ақылы жолдармен жүру ережелеріне өзгерістер дайындады Фото: gov.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі “Автомобиль жолдарын, қорғаныс жолдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы” бұйрыққа өзгерістер әзірледі.

Енді жол қозғалысына қатысушылар ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысын ақы алу пунктінде ғана емес (егер ол бар болса), жеке шотта немесе көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі шотында қаражан болған жағдайда бақылау аркаларында қажетті соманы есептен шығару арқылы төлей алады. Сонымен қатар олар төлем әдістері және көлік құралының техникалық сипаттамалары бойынша сараланған белгіленген ақпараттық тақтаға сәйкес көлік құралдарының тиісті жолағы бойынша жүруге, Ұлттық оператор немесе басқа да автомобиль жолдары басшылары белгілеген жылдамдықты және жүру қашықтығын сақтауға міндетті

Құжатқа қоса берілген түсіндірмеде көрсетілгендей, өзгерістер ашық үлгідегі ақы алу учаскелерінің енгізілуіне байланысты енгізіліп отыр. Ақы алу пунктері барлық ақылы учаскеде орналаспағаны туралы айтылады. Бүгінгі таңда осындай 11 ақылы учаске пайдалануға берілген. 

Айта кету керек, осыған елімізде ақылы жолдармен жүру тәртібі өзгеретінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу