ZOOM форматындағы кездесуге облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының өкілдері, сондай-ақ еліміздің белсенді азаматтары қатысты, деп жазады inbusiness.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Комитет төрағасы Төлеген Абдуллинның айтуынша, бүгінгі таңда жергілікті желінің ұзындығы 70 мың шақырымды құрайды, оның 80% - ы немесе 56 мың шақырымы нормативтік жағдайда. Ең үздік көрсеткіш Маңғыстау облысында – 95%, ал ең нашар көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында - 39%.
"Бюджет кодексіне сәйкес Министрлік тек облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріне нысаналы трансферттер бөледі. Көше-жол желілерін жөндеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың қарауында және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады", - деп атап өтті Төлеген Абдуллин.