ИИДМ: Қазақстан әскері бәсекеге қабілетсіз

1507

Біздің мемлекет әскерді күшейтуге асығар емес. Тіпті Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Беларусь, Украина елдері Қазақстанды басып озған.

ИИДМ: Қазақстан әскері бәсекеге қабілетсіз

Қазақстан әскері болашақта бәсекеге қабілетті бола алмайды! Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осылай деп мәлімдеді. Өйткені бұл салаға жұмсалатын қаржы өте аз.

Әлемдік экономикада тұрақсыздық байқалып жатқанда, өзге елдер әскерін күшейту үшін қаржыларын аямай отыр. Әсіресе мұнай эскпорттаушы елдер бұл мәселенні бей жай қалдырмаған. Алайда біздің мемлекет әскерді күшейтуге асығар емес. Тіпті Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Беларусь, Украина елдері Қазақстанды басып озған.

Ведомствоның сөзінше, Қазақстан әскери бөлімшелерінде  қызметтердің тұрақсыздығын, еңбек ету деңгейінің төмендеуін, жалпы техникалық және технологиялық ғимарттардың әбден тозығы жеткенін анық көруге болады. Қазіргі таңда бұларды қалыпқа келтіріп, қажетті жұмысты жасауға болады. Алайда әскери сегментке қызмет көрсететін компаниялармен ешқандай келсімдер жасалмаған. Сондықтан басым бөлігі тұралауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу