Қазақстан ешбір елге қару-жарақ тасымалдамайды. Ал кей сайттардағы еліміздің Әзербайжанға қару жібере бастады деген ақпарат жалған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.
"Қазақстан әлемдік қауымдастық алдындағы өз жауапкершілігінен ауытқымайды және басқа елдерге қару жеткізу жоспарында жоқ. Мақалада көрсетілге деректер шындыққа жанаспайды",– деп жазылған ведомство жариялаған хабарламада.
Бұдан бөлек, еліміздің азаматтық авиация комитеті Silk Way West Airlines авиакомпаниясы 2-3 қараша аралығында Нұр-Сұлтан мен Баку қалалары арасында ешқандай рейстер орындамағанын жариялады.