ИИДМ: Қырғызстан гуманитарлық көмекті қабылдап алды

701

     

ИИДМ: Қырғызстан гуманитарлық көмекті қабылдап алды

Қазақстаннан гуманитарлық көмек ретінде жіберілген медициналық бұйымдар мен жабдықтар бүгін Бішкекке жеткізілді, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі. 

Оның құрамында "Тыныс" АҚ-да өндірілген "Көкшетау-4П" өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасы және Алматыдағы "Dolce pharm" ЖШС және Жамбыл облысында орналасқан "Mega pharm" ЖШС шығарған 2 млн медициналық бетперде бар.

Гуманитарлық көмек Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай көрсетілді.

Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 400 млн теңгеге жуық. Үкімет  қаулысына сәйкес акцияны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырды. Жүкті Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары қабылдап алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу