ИИДМБ аясында 320 жоба қолға алынды

566

ИИДМБ аясында 320 жоба қолға алынды

Қазақстанда жалпы сомасы 3,7 трлн теңгенің 320 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Онда 36 мың тұрақты жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды инвестиция және даму министрлігі.

Индустрияландыру картасының жобалары өткен жылы 2,2 трлн теңгенің өнімін өндірді, оның ішінде 1,4 трлн теңгенің өнімі қайта өңдеу саласына тиесілі, бұл жалпы сектордың 18%-ынан асады.

Орташа есеппен индустрияландыру картасының жобалары ай сайын 180 млрд теңгеден астам қаржының өнімін өндіреді.

Индустрияландыру картасы аясында биыл шамамен 700 млрд теңгенің 100-ден астам жобасын іске қосу көзделіп отыр. 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Оның ішінде биылғы жылдың бірінші тоқсанында 7,6 млрд теңгенің 10 жобасы іске қосылды. 415 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Бүгінде жалпы сомасы 3,7 трлн теңгенің 320 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Онда 36 мың тұрақты жұмыс орны ашылған.

Отандық кәсіпорындарды технологиялық модернизациялау үшін өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта жарақтау кешенді шарасын бекіту жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу