ИИДМБ жүзеге асыратын мамандар даяр болды

1004

ИИДМБ жүзеге асыратын мамандар даяр болды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы үшін техникалық мамандықтардың алғашқы түлектері дипломдарын алды, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметі.

185 магистрант, оның ішінде 112 – "Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларды өңдеу" және 73 – "Ғарыштық техника мен технологиялар" бар.

ИИДМБ-2 шеңберінде 11 ЖОО-ның бірі ретінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Елбасының "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" Жолдауындағы қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2015 жылы екі мамандық бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша мамандарды даярлауды бастады.

2016 жылы жаңа білім беру бағдарламасы бойынша 374 адамды бейінді магистратураға (1,5 жыл) қабылдау жүргізілген болатын: "Бетонды және темірбетонды бұйымдар мен конструкцияларды өндіруде энергиясы тиімді және ресурс үнемдеу технологиялары", "Ғарыштық робототехника мен мехатроника", "Биотехнология", "Жылу энергетикасы", "Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар".  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу