IIHF хоккейден әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы бүгін анықтайды

643

IIHF кеңесі әлем біріншілігін қабылдауға ниетті үш қаланы қарастыруда.

IIHF хоккейден әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы бүгін анықтайды

Бүгін Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) кеңесі 2021 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қала туралы нақты шешім қабылдайды, деп хабарлады olympic.kz.

Бұған дейін турнир Латвия мен Беларусьте өтеді деп жоспарланған. Алайда бір апта бұрын IIHF Минскіні әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырған болатын. Бұған елдегі саяси тұрақсыздық пен коронавирус жағдайы әсер еткен. 

Беларусь астанасында А тобындағы кездесулер, екі ширек финал, жартылай финалдық матчтар және үшінші орын мен ақтық сындағы кездесу өтеді деп жоспарлан еді.  

IIHF кеңесі әлем біріншілігін қабылдауға ниетті үш қаланы қарастыруда. Минскінің орнына Словакияның Братислава, Данияның Хернинг және Латвияның Рига қалалары чемпионатты өткізуге дайын екенін білдірген. Алайда IIHF Литваның ұсынысынан бас тартты. Соңғы шешім бүгін қабылданады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу