ІІІ Карл ресми түрде Құрама Корольдіктің жаңа королі деп жарияланды

803

Мұрагерлік кеңесі III Карл Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің монархы деп ресми түрде жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz euronews сайтына сілтеме жасап.

ІІІ Карл ресми түрде Құрама Корольдіктің жаңа королі деп жарияланды

Тиісті құжатқа ең алдымен тақ мұрагері ханзада Уильям, содан кейін кезек бойынша патшайым-консорт Камилла, Қауымдар палатасының көшбасшысы және Кеңестің лорд-төрағасы Пенни Мордаунт, Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс және Кентербери архиепископы қол қойды.

Әулие Джеймс сарайында өткен кеңес отырысына қазіргі премьер-министр Лиз Трасс, бұрынғы премьер-министрлер, Лордтар палатасының мүшелері, Лондонның лорд-мэрі, ресми басшысы Британ королі болып қалатын елдердің өкілдері қатысты.

Тарихта алғаш рет кездесу теледидар арқылы тікелей көрсетілді. Жақын сағаттарда Кеңестің шешімі Әулие Джеймс сарайының балконынан ресми түрде оқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу