III Қысқы жастар ойындарында шайбалы хоккейден жарыс мәресіне жетті

1764

Төрт жылда бір рет өтетін байрақты бәсекеде Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Алматы және Ақмола облыстарынан және Астана, Алматы мен Ақтөбе қалаларынан 8 команда шеберлік байқасты.

III Қысқы жастар ойындарында шайбалы хоккейден жарыс мәресіне жетті

Шайбалы хоккейден өткен қысқы жастар ойындарында "Астана" командасы жеңімпаз атанды. Шығыс Қазақстан облысының командасы екінші, Қарағанды облысының хоккейшілері үшінші орын алды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанада жастар арасында өткен III Қысқы жастар ойындарында шайбалы хоккейден жарыс өз мәресіне жетті. 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы кездесулер 30 қаңтар мен 5 ақпан аралығында "Барыс" СК-де ұйымдастырылды.

Төрт жылда бір рет өтетін байрақты бәсекеде Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Алматы және Ақмола облыстарынан және Астана, Алматы мен Ақтөбе қалаларынан 8 команда шеберлік байқасты.

Елордалық құрама сапында №10 спорт мектебінің хоккейшілері өнер көрсетті. "Астана" командасы жарыста 21 ұпай жинап, үздік нәтижеге қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу