III тоқсанда елордада 70 мыңға жуық оқушы мектепте оқитын болады

975

Елімізде 12 қаңтардан бастап оффлайн режимде оқыту жалғасады.  

III тоқсанда елордада 70 мыңға жуық оқушы мектепте оқитын болады

Бүгін оқу жылының үшінші тоқсаны басталды. Алайда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында сайлау учаскелері ретінде тартылған білім беру нысандарындағы дезинфекциялық іс-шаралардың салдарынан жаңа тоқсанның бірінші оқу күнінде сабақтар қашықтықтан өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Айта кетейік, үшінші тоқсанда 1-5 сынып оқушылары "кезекші сынып" режимінде оқуын жалғастырады.

Сонымен қатар, үшінші тоқсанда бітіруші сыныптар (9, 11, 12-сыныптар) кезекші сыныптар қағидаты бойынша аралас форматта (15 адамнан артық емес) оқиды.

Оффлайн сабақтар кестесіне инвариантты компонент пәндері кіреді: орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы. Бұл оқу пәндерінің 70%-ын құрайды.

Қалған 30% пәндер — информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негіздері, алғашқы әскери және технологиялық дайындық қашықтық форматта өтеді.

Мектептер икемді кестелер әзірлейді, сабақтар арасындағы өзгерістер әр түрлі сыныптар үшін түрлі уақытта өтеді, әлеуметтік қашықтық үшін ауысымдар мен кіші ауысымдар көбейеді. Бір сабақтың уақыты 5 минуттық үзіліспен 30 минуттан аспайды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу