III тоқсанда ипотекаға сұраныс төмендеген

856

Есепті кезеңде кепілді және кепілсіз қарыз бойынша түскен өтінімдер саны 33%-ға және 8%-ға өскен.

III тоқсанда ипотекаға сұраныс төмендеген

Биыл III тоқсанда ипотекаға сұраныс төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банктің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Күбенбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алдымен ол III тоқсанда автокредитке деген сұраныстың төмендеуіне әсер еткен факторларға тоқталды.

"Автокредитке сұраныстың төмендеуі салондарда жаңа көліктердің болмауымен, сондай-ақ "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ жеңілдікпен автокредиттеу бағдарламасының тоқтатылуымен байланысты. Берілген автокредит бойынша талаптар кредиттік скоринг аясындағы шекті мәндер мен сыйақы мөлшерлемелері бөлігінде жеңілдетілді. Есепті тоқсанда түскен өтінімдер санының 10%-ға өсуіне қарамастан, оларды мақұлдау үлесі алдыңғы тоқсан деңгейінде қалды", – деді басшы.

Сондай-ақ директор ипотекалық кредитке де сұраныстың төмендегенін айтты.

"Банктердің пікірінше, III тоқсанда сұраныстың төмендеуі "Баспана-Хит" ипотекалық кредиттеу мемлекеттік бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың аяқталуымен, жылжымайтын мүлік нарығындағы жоғары бағамен байланысты. Алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда ипотека бойынша түскен өтінімдер саны 27%-ға өсті, алайда оларды мақұлдау үлесі 17%-ға төмендеді", – деді Олжас Күбенбаев.

Ол ипотекалық кредиттер бойынша шарттардың кепілге қойылатын талаптарды жеңілдету, сыйақы мөлшерлемесін төмендету, комиссияны азайту және көптеген банктің бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшерін қайта қарастыру бөліктерінде жұмсартылуына қарамастан, жекелеген банктер клиенттерінің кредит төлеу қабілетін бағалау үшін енгізген скоринг жүйесі қарыз бойынша мақұлдау үлесінің төмендеуіне алып келгенін жеткізді.

"Келесі тоқсанда банктердің көпшілігі жеке тұлғаларды кредиттеудің барлық сегменті бойынша кредиттеу талабын жеңілдетуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты кепілді және кепілсіз тұтынушылық қарыздар, сондай-ақ автокредиттеу бойынша сұраныстың ұлғаюы күтіледі. Банктердің пікірінше, ипотекаға сұраныс осы тоқсан деңгейінде сақталады", – деді директор.

Айта кетейік, 2021жылғы III тоқсанда кредиттеу бойынша банктер арасында жүргізілген сауалнамаға екінші деңгейлі 20 банк қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу