ІІМ алаяқтықты ескерту туралы SMS хабарлама таратып жатыр

933

"AnyDesk және Teamviewer қосымшаларын бөгде адамдардың нұсқауы бойынша орнатпаңыз!"

ІІМ алаяқтықты ескерту туралы SMS хабарлама таратып жатыр

Ішкі істер министрлігі Интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында SMS хабарлама таратып жатыр. Мобильдік байланыс арқылы әр қазақстандыққа "AnyDesk және Teamviewer қосымшаларын бөгде адамдардың нұсқауы бойынша орнатпаңыз!" деген хабарлама жолдануда, деп жазады inbusiness.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

ІІМ келесі сақтық шараларын сақтауға шақырады:

- еш жағдайда банктер немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің несие беру, мүлікті сату және ақшасын қауіпсіз шоттарға аудару немесе несие беру туралы телефон нұсқауларын орындамаңыз. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейді;

- өз дербес деректеріңізді, пластикалық карталардың деректемелерін ешкімге хабарламаңыз, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен код сөздерін, тіпті банк, полиция қызметкерлері болып табылатын адамдарға және т. б. бермеңіз;

- жеке деректерді белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге сеніп бермеңіздер. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісуге тырысыңыз;

- күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмаңыз, айқын табыс көзінсіз қаржы схемаларынан сақ болыңыз.

ІІМ телефондағы қосымшаларды орнату үшін тек App Store, Play Market және т.б. ресми дереккөздерін пайдалануға шақырады. Төлем жасау үшін жіберетін немесе белгісіз контактілерден немесе сплит терезелерден СПАМ-жіберілімдерде болатын сілтемелер бойынша өтуге болмайтындығын ескертеді. Себебі алаяқтар көбінесе төлем жасау үшін фишингтік сілтеме бойынша өтуді ұсынатын көрінеді. 

Бұдан бөлек банкинг қызметтеріне қол жеткізу құпиясөздерін үнемі ауыстырып, 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа да қауіпсіздік шараларын пайдаланған жөн. Шоттағы ақша қозғалысын да үнемі бақылап отыру керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу