ІІМ: Алматыда жаппай төбелеске қатысқан 11 адам ұсталды

483

Алматы полициясы жаппай төбелеске қатысқан 11 адамды ұстады, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.  

ІІМ: Алматыда жаппай төбелеске қатысқан 11 адам ұсталды Фото: massaget.kz

"Жастар арасындағы жаппай төбелес 23 ақпанда кешкі сағат 23:00 шамасында Бостандық ауданында болған. Оқиға орнына бірнеше патрульдік полиция экипажы шұғыл жетті. Нәтижесінде төбелеске қатысы бар деген күдікпен 11 адам ұсталды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу